Бүгін – Ұлттық киім күні. Ою-өрнегімізді дәріптеп, дәстүрімізді жаңғыртатын мереке Наурызнаманың 10 күндігі аясында тойланып жатыр. Атаулы күнге орай «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Қызай өрнегі» атты ұлттық киім үлгісінің көрме-фестивалін өткізді. Сондай-ақ Мұхамеджан Тынышбаев мұражайында да «Кимешек киімнің киелісі» атты көрме ұйымдастырылды.