Қарасай ауданында «Кітап – Аманат» мәдени-ағарту орталығы ашылды. Облыс бойынша тоғызыншы болып келушілерге есік ашып жатқан рухани орталық Қаскелеңдегі «Қазақ – Британ халқаралық мектебінің» базасында орналасқан. Жобаны Алматы облыстық «Аманат» партиясы филиалы қолдап отыр.