Бүгіннен бастап республика бойынша «Көктем – 2024» оқу-жаттығу жиыны басталды. Бұған облыстың барлық аудан, қалаларында су басу қаупі бар аймақтар қауіпсіздігі пысықталды. Мұнда жергілікті атқарушы биліктің жедел топтары, азаматтық қорғаныс қызметтері, Төтенше жағдайлар департаменті мен Ішкі істер құрылымы қатысты.