Көктемде балшыққа батып, жазда шаң жұтып жүрміз. Талдықорғандағы солтүстік-батыс тұрғын үй алабының тұрғындары тілшілерге осылай деп мұңын шақты. Әкімдіктен көшелерін асфальттап беруді сұрайды. Алда көктем келе жатыр. Балалар мектепке, үлкендер жұмысқа салафан киіп баруға мәжбүрміз деп отыр.