Қазақстандық боксшылар Арменияда өткен әлем чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды. Ел намысын қорғап, әнұранымызды әуелеткен чемпиондар елге оралды. Қатарында Алматы облысының жас спортшысы да бар. Жеңімпаздарды жақындары мен жанкүйерлері Алматы әуежайынан қарсы алды.