Ұлттық ұланның қару-жарағы, әскери техникасы мен жауынгерлік әзірлігі тексерілді. 55/14 әскери бөлімінде «қорытынды бақылау сынағы» аяқталды. Тексеріс қарашаның 20-сы басталған. Бұл үрдіс жылына екі рет болады. Мамыр және қараша айларында. Жауынгерлердің жарты жылдық дайындығын бағалайтын емтихан қалай өтті? Сарбаздар сыннан сүрінбей өтті ме?