Бүгін елімізде мемлекеттік статистика күні. Мерекеге орай ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «Демо дэй» атты ашық есік күнін өткізді. Шараға келгендер статистика саласындағы жаңалықтарды біліп, жетілдірілген бюро сайты жұмысымен танысты.