Қалай лудоманға айналады? Бұл тәуелділікті емдеудің жолдары бар ма? Талдықорғанда психологтардың, дінтанушылардың және ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен «Лудомания – қауіпті індет» тақырыбында конференция өтті. Шара полицейлер арасында ойынға тәуелділік пен құмар ойындарға әуестенудің алдын алуға бағытталған.