Балаларды қорғау күніне орай облысымызда түрлі шаралар өтті. Бірі Үштөбе қаласында ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы өзінің тәрбиеленушілеріне арнап, мерекелік қойылымдарын қойды. Концерттік бағдарлама барысында, балалар ән айтты, би биледі. Сыйлықтар табысталып, тәтті тағамдар таратылды.