Ұлттың байлығы саналатын мұнай-газ саласы туралы ақпарат халққа қолжетімді болуы керек. Ол үшін осы тақырыпта жазатын журналистердің білікті болғаны маңызды. Түркітілдес журналистер қоры осы тақырыпта Астанада қазақ журналистеріне семинар-тренинг өткізді. «Энергетикалық журналистика: мұнай-газ нарығы» атты шарада сала мамандары өз тәжірибесін бөлісті.