Биыл Алматы облысы тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 23 инвестициялық жоба іске асты. Оған 80 миллардқа жуық теңге жұмсалған. Бұл туралы өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев Аманат партиясы депутаттарының 1-форумы барысында мәлімдеді. Айтуынша, жоба аясында облыста 700-ден аса жаңа жұмыс орыны құрылған.