Жамбыл ауданында жыл басынан 17,1 млрд.теңгегенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Алайда өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 6,6 % төмен. Бұл облыс әкімі Марат Елеусізұлы Жамбыл ауданының халқымен кездесудегі есебінде айтылды. Аудан азаматтары жиында инфрақұрылым, жайылым жер, су мәселесін көтерді. Аймақтағы полиция қызметіне қатысты да сын айтылды. Жылға жуық уақытта аудан орталығында адам қаққан көлікті әлі күнге таппаған.