Алматы облысы әкімдігінде жыл қорытынды жиын өтті. Басқарма, департамент басшылары мен аудан әкімдері бас қосты. Өңірдің дамуы барысында кезігіп жатқан проблемалар мен жоспарлы жұмыстар жайы талқыланды. Статистикалық ақпараттағы дәлдіктің жоқтығы ең негізгі мәселе ретінде айтылды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдерін ынталандыру үшін жақсы бастама көтерді.