Шағын және орта бизнестің өркендеуі – ел экономикасының дамуына кепіл. Сондықтан мемлекет кәсіпкерлерді қолдап, әркез көмек көрсетуге әзір. Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері Қаратал ауданының іскер азаматтарымен кездесті. Жиынға келгендер толғандырып жүрген мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.