Бүгін республикалық «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Жүлдегерлерді марапаттау шарасы Астанадағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында өтті. 145 материал қатысқан байқауда біздің телеарнаның да мерейі үстем болып отыр. Әріптесіміз Мұрат Жұмабай «Үздік теле және радиобағдарлама» аталымында 2-орынды иеленді.