Ел аумағында жаңа жылдық мерекелер кезінде 30 мыңға жуық полиция қызметкері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Ал, Алматы облысында күн сайын 100-ге жуық құқық қорғаушы өңір орталығындағы азаматтардың тыныштығын қорғайды. Олардың негізгі мақсаты— қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қылмыстардың алдын алу. Сондай-ақ қоғамға «нөлдік төзімділік» қағидатын түсіндіру.