Мүмкіндіктері кем болса да, құқықтары тең. Биыл Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталады. Өңірде инклюзивті орта құру, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды, оның ішінде балаларды оңалтуда барлық жағдай жасалып келеді. Тек, 2023 жылы жергілікті және республикалық бюджеттен бұл жұмыстарға 4,1 млрд теңге жұмсалды.