Наурыздың бастауы — Көрісу күні. Қонаев қаласы Арна ауылының тұрғындары да Амал мерекесін сән-салтанатпен қарсы алды. Аясында мерекелік іс-шара өтіп, әсем ән мен жырдан шашу шашылды. Қыстан аман шыққан жұртшылық арқа-жарқа көрісіп, амандық сұрасты. Сондай-ақ, «Нан болса, ән де болады» атты бауырсақ-party ұйымдастырылды.