Отаршыл ел тарихты өзінен бастағысы келеді. Мәселен, кешегі Кеңес үкіметі Қазақстан тарихын 1917 жылдан бастап еді. Мамандардың айтуынша, оған дейінгі деректер қасақана жойылған немесе әдейі жасырылған. Жұлым-жұлым болған ел тарихын түгендеуде “Архив 2025” бағдарламасының берері мол. Соңғы 1,5 жылда біздің ғалымдар әлемнің 14 елінен тарихымызға қатысты 7 мыңнан аса құжат тауып, көшірмелерін елге әкелген. Қазақ тарихына қатысты деректер Үндістан мұрағатында да бар. Шет елге ғылыми экспедиция жасаған мамандар тапқан олжаларымен бөлісіп, арнайы кездесу өткізді.