Ашықтық пен әділдік – қазіргі күннің басты талабы. 2023 жылы 2 қазанда Мемлекет басшысы «Қоғамдық бақылау туралы» және «Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойған болатын. Бүгінде Жетісу облыстық қоғамдық кеңес төрағасы — Ерғазы Қошанбеков бастаған топ аудан-қалаларды аралап, жаңа заң жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кезекті семинар Ақсу ауданында өтті.