Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесудің екінші бөлігі сұрақ — жауапқа арналды. Залда орнатылған үш микрофонға кезекке тұрған адамдар көп болды. Облыс әкімі ешкімді қақпайлатпады. Әр адам сұрағын қойып, тиісті жауаптарын алды. Талқылауға шыққан сұрақтар түрлі. Дені — тұрғын үй қатынастары, инфрақұрылым, су, жол, жарық проблемалары. Облыс әкімі бүгін сондай-ақ, бірнеше адамды жеке мәселелері бойынша қабылдады.