Жетісулық кәсіпкерлерге қолдау зор. Облыста «Атамекен Жетісу» микроқаржылық ұйымы ашылды. Оны өңірдегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Атамекен» палатасы қаржыландырады. Биылға 2 млрд теңге бөлінді. Алғашқы несие — ауылшаруашылық бағытына берілді.