Жетісу облысы сенім үдесінен шықты. Ірге бөлгелі — 1,5 жыл. Іркіліссіз дамып келеді. 2023 жылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары шықты. Аймақ республикалық рейтингіде жоғары көрсеткіштерге ие. Бүгін Талдықорғанда кеңейтілген әкімдік отырысы өтті. Өткен жылдың жетістіктері мен кемшіліктері таразыланды.