Әйел. Ауыл. Инновация. Алматы облысы орталығы Қонаев қаласында әйелдер форумы өтті. Оған өңірдің 9 ауданынан арнайы келген іскер жандар қатысты. Форумның басты мақсаты: ауыл әйелдірінің кәсіби шеберлігін арттыру. Жаңа жұмыс орындарының ашылуына септесу. Айта кетейік, аталған шараға Алматы облысының ауыл әйелдерінің инновация және табыс мектебінің «Берекелі әйел» жобасы ұйытқы болды.