Тәні саудың – жаны сау. Қонаев ауруханасына үздік тәжірибелер орталығы жүйесі енгізілді. Аясында отбасылық дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер бірлесе жұмыс істейді. Нәтижесінде қала тұрғындары денсаулығы мен қатар психологиялық тұрғыда да ем алады. Жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Рустам Исабаев, жоба авторы Төлебай Рахыпбеков, денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен облыс орталығының тұрғындары қатысты.