Басты мақсаты — әлеуметтік көмек көрсету. Ашылғанына бір жылға жуық уақыт болған Қонаев қалалық күндізгі болу орталығының қызметі қызу жүріп жатыр. Мекеме 1 маусым балалар күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолдауымен есігін айқара ашты. Онда 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулілерге психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға оңалту, түзету қызметтері көрсетіледі.