Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіруді міндеттеді. Президент бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін де атап өтті. Айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ. Бүгін «Ортақ мәселеде» Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясының жұмыстарына тоқталамыз.