Қара жамылған Жамбыл жұрты қарымды қаламгер Жұмабай Шаштайұлын ақтық сапарға шығарып салды. Жамбыл аулында өткен қаралы жиында зиялы қауым мен көңіл айта келген кісі қарасы қалың. Жазушының жақындарына ел президентінің көңіл айту жедел хатын облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев табыс етті.