Бірегей жоба. Қапшағай көлі жағалауынан су жаңа қонақүйлер қалашығы бой көтермек. Оған қоса айналмалы аттракциондар паркі де салынады. Облыс әкімі жаңа демалыс ошағының іргетасын қалау салтанатына қатысты. Қомақты қаржымен келген Қытайлық инвестор алда өңір тұрғындары мен қала қонақтарына жоғары сапада қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.