Бүгін — ел бойынша ыстық ықылас күні. Отаншылдықтың, елге-жерге деген махаббаттың, өзара сыйластық пен құрметтің мерекесі. Қазақстандықтар ел дамуына айрықша үлес қосып жүрген тұлғаларға, қарапайым еңбек адамдарына да өзара алғыс айтады. Бүгін бір тобын Жетісу облысы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев құттықтап, алғыс айтты.