Бүгін Наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Бұл күні көпшілікке тек материалдық көмек қана емес, рухани қолдау көрсету де аса маңызды. Осы орайда Алматы облысының өнерпаздары «Шарапат» әлеуметтік көмек көрсету орталығында өнер көрсетті. Олар түрлі жанрдағы ән мен биден шашу шашып, мекемедегі қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, қазір орталық 100-ден аса адамға қызмет көрсетеді. Онда 133 маман жұмыс істейді. Мекеме басшысының айтуынша, мереке қарсаңында мұндай шаралар жүйелі түрде өткізіледі.