Ел тарихына жаңаша көзқарас қалыптасады. Қонаев қаласында ұлттық басылым күнінде «Қазақ» газетінің 266 нөмірі жарық көрген жеті томдық кітаптың тұсауы кесілді. Бұрын соңды қазақ тілінде еш жерде жарияланбаған, 30 жыл бойы жинақталған тың мәлімет енген жинақ көпшілік назарына ұсынылды.