Қонаевта Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті 33-ші сессиясы өтті. Алматы облысы ең көп ұлтты облыстың бірі. Өңірде 105 этнос өкілі тұрады. ВИДЕО: Ассамблея жанынан құрылған 26 этно-мәдени бірлестік пен 146 аналар кеңесі, 141 ақсақалдар кеңесі қызмет етеді. Тағы 26 қоғамдық медиатор жұмыс істейді. Кезекті сессияның күн тәртібінде екі тақырып қаралды. Негізгі мәселенің бірі Ұйғыр және Еңбекшіқазақ аудандарындағы этносаралық келісімді нығайту .Сонымен қоса Ассамблея мүшелерін ротациялау жайы.