Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 33 сессиясы қарсаңында кездесу өтті. Онда өңірдегі тұрақтылық пен этносаралық мәселелер қаузалды. ВИДЕО: Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Жалғасбаева этно бірлестіктердің аккредиттеуден өту мәселесі жөнінде біраз сұрақтың бар екенін тілге тиек етті. Мәселен Алматы облысында 105 этнос өкілі тұрады. 38 этномәдени бірлестік бар. Заң жүзінде олардың санына шектеу жоқ. Дегенмен бір этнос бірнеше бірлестікті құрған жағдайларда кезігеді. Бұл жұмыстарды жүйелеу қажет. Сонымен қоса, ресми тіркеу бойынша да түрлі кедергілердің бары айтылды.