1 наурыз — Алғыс айту күні! Бұл — елдегі тыныштық пен ынтымақтың, отандастарымыздың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіреді. Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілі тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл күн — тек түрлі этнос өкілдерінің ғана емес, күллі қазақстандықтардың мейрамы.