Жарнама тілі қоғам тәрбиесі. Бүгін облыс орталығында «Тілдік ахуал: көрнекі ақпарат, жарнама тілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға тіл саласында жүрген ғалымдар мен кәсіпкерлер шақырылды. Олар қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшелігі бойынша жан-жақты талдау жасады.