Бүгін Алматы облысының орталығында 2 тонна бауырсақ пісірілді. Қонаев қаласында Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланып жатыр. Кеше қала жұртшылығы «Көрісу күнін» атап өтсе, бүгін ұлттық тағамдарымызды насихаттау мақсатында «Бауырсақ party» ұйымдастырылды. Аталған шара мәдениет қызметкерлерінің ұйытқы болуымен қалалық кітапханада өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлер де қалыспай, дәмханаларда келушілерге ұлттық тағамдарды ұсынуда. Айта кетейік, бұдан бөлек, Шеңгелді және Арна ауылдарында да «Бауырсақ пати» шарасы өтеді.