Қонаевта алып құрылыстың алғашқы қадамдары басталды. Олардың дені қала үшін маңызды нысандар. Қатарында әкімшілік, әлеуметтік, медициналық және спорттық кешендер бар. Кейбір ғимараттарға облыстық бюджеттен қаражат бөлінсе, кейбіреулері республикалық қаражат есебіне салынады. Олардың бірнешеуінің құрылыс алаңдарына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.