Қонаевта электр сымдары мен құрылысқа қажетті болат бұйымдар шығаратын зауыт салынады. Екі айдан кейін қытайлық инвесторлар құрылысты бастауға ниетті. Облыстағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткен бизнес-форум барысында зауыттың тиімділігі талқыланды. Жобаның бас жетекшісі Досқали Кәріпбаев кезігіп жатқан кедергілер барын да жасырмады.