Қонаевта жыл басынан «Күміс жас» жобасы арқылы 20 азамат уақытша жұмысқа орналасқан. Тағы 70 азамат жұмыспен қамтылмақ. Бұл бағдарлама жұмыссыз жүрген егде жастағы адамдар үшін таптырмас мүмкіндік. Жобаға былтыр өзгеріс енгізіліп, еңбек шарты бір жылдан үш жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, жалақыға мемлекет тарапынан төленетін субсидия көлемі де ұлғайды. Ал, өткен жылы Қонаев қаласында 35 тұрғын жұмысқа орналасыпты.