Елдегі су тасқыны басталғалы бері 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Қазіргі таңда уақытша қоныстандыру пунктілеріне 7 мыңға жуық адам орналастырылған, оның тең жартысы – балалар. Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарындағы елді мекен тұрғындары қазір көмекке мұқтаж.