Қарапайым қоқыстан тазартып, қаражат тауып, қоршаған ортаға пайда тигізіп отыр. Талдықорғандық Жанар Жүнісова шыны бөтелкелерді жинайды. Тұрғындар тастап, керексіз деп таныған құтыларды зауытқа өткізіп, қалдыққа «екінші өмір» сыйлайды. Игі істі кәсіп қылған кейіпкеріміз соңғы 2-3 аптаның өзінде Жетісу облысын 20 тонна шөлмектен тазартып, қайта өңдеуге жіберген. Сол арқылы экологияны жақсартып, өзі де табыс табады.