Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 32 жыл. Осыған орай мереке Талдықорғанда кең көлемде атап өтілді. Оған шаһарда орналасқан гарнизонның әскери қызметкерлері мен Жетісу облысының әкімі бастаған топ өкілдері, орталық алаңға жиналып, мәңгілік алау басына гүл шоқтарын қойды.