Қыс мезгілінде шаңғымен сырғанап, коньки тепсең, иммундық қабілетің артып, сергек жүресің. Облыс тұрғындары саламатты өмір салтын қалыптастыруда осы үрдісті ұстануға көшкен. Бұл қуантарлық жағдай. Алайда, олардың көпшілігі қауіпсіздік ережесін сақтай бермейді. Мәселен қар жауып, мұз қатқалы 2 мыңдай адам Талдықорғандағы көпсалалы аурухананың травматология бөліміне түскен. Оның 30-ға жуығы қысқы демалыс орындарында жарақат алған.