Торқалы тойға тарту! Райымбек ауданының орталығына Мұқағали Мақатиевтың ескерткіші қойылды. Мұзбалақ ақынның мерейтойында 50 отбасы қоныс тойын тойлады. Аспантаудың етегіндегі айтулы шараға ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтар қатысты.