Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның құрылғанына 50 жыл толды. Жарты ғасырлық дүбірлі той Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның концерт залында тойланды. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген ұжымға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысхаты табысталды. Талай өнерпаздың еңбегі еленіп мерейтойда марапатқа ие болды.