Еңбек — еленуімен құнды. Ескелді аудандық орталық ауруханасының директоры Сәуле Құсмолданова «Жыл дәрігері» деп танылды. Бұл «АЛТЫН АДАМ» ұлттық жобасы аясында табысталды. Жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті. Айта кетейік, халықаралық фестиваль ТМД-да бес елде өтеді. Олар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Беларусь. Жеңімпаздарды іріктеу үшін әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Еліміздің әр өңіріндегі халықтың пікірі ескеріледі.