Ақжолтай хабар! Самбодан қазақ қызы тұңғыш рет ауыр салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ереванда өткен әлем біріншілігінде Алматы облысының спортшысы Арайлым Әбенова алтыннан алқа тақты. 80 келіден аса салмақта өнер көрсеткен қазақстандық қарсыластарын қырқа шалып, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша ол Қазақстан тарихында ауыр салмақтағы ең алғашқы әлем чемпионы болып отыр. Ел абыройын асқақтатып келген спортшымызды әуежайдан жақындары, бапкерлері мен жанкүйерлері күтіп алды.