Сарқан ауданында 10 баласы бар қос отбасы тұрады. Бірі — аудан орталығында, екіншісі — Көкөзек ауылының тұрғыны. Мәселен, Жәния Жанатбек 43 жасында оныншы сәбиін дүниеге әкелді. Сүт кенжесін 4 ақпан күні бауырына басты. Біздің түсірілім тобымыз батыр аналардың хал-жағдайын біліп, амандығын сұрады. Әрі мерекемен құттықтады.