Жетісу облысында былтыр 600 миллион киловатт сағат электр қуаты өндірілді. Бұл көрсеткіш биыл арта түседі. Себебі Сарқан ауданында екі гидроэлектро станциясы салынып жатыр. Аталған нысандар арқылы жылына 78 миллион киловатт сағат электр энергиясы алынады.